Бауырлар бір-бірімен сәлемдесіп…

Бауырлар бір бірімен сәлемдесіп Жаңалықтар

ИСАТАЙ. Аудан орталығындағы «Бәйтерек» алаңы Ұлыстың Ұлы күніне орайластырылған түрлі тартымды шаралардың орталығына айналды.

Бауырлар бір-бірімен сәлемдесіп

22 наурыз күні ертелетіп осында жеткен ауылдастар бір-бірімен көрісіп, сәлемдесіп, үлкендер жағы төс қағыстыра амандасып, қарттар жастарға батасын беріп, арқа-жарқа күй кешті.

Анадайдан «мен мұндалап» тұратын ақшаңқан киіз үй де, наурыз көже, бадана бауырсақ, қазы-қарта, жал-жая, басқа да дәмге толы дастархан, әуелеген ән, күмбірлеген күй мен мың бұралған би де осында. Сахна төріне көтерілген халқымыздың сүйікті кейіпкерлері де жыл басын қарсылауға жиылған жұртқа жақсы сөзін, ақ батасын жолдады.

Жылдағыша биыл да ұлыстың ұлы күнін айтулы жетістіктерімен қарсылаған исатайлықтарды аудан  әкімі Марат Мурзиев құттықтап, ақ тілегін арнады. Соңынан мектеп, балабақша, мәдениет үйінің қызметкерлері келін түсіру, шілдехана-бесік тойы, бастаңғы, алтыбақан тәрізді ұлттық салт-дәстүрімізді бейнелейтін сахналық қойылымдарды көрсетті. Сондай-ақ, асық ату, арқан тарту, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, т.б. ұлттық спорт ойындарынан сайысып, мерекенің мазмұнды өтуіне үлестерін қосты.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз