ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда әкесін балағаттаған азамат қамалды
Атырау облысы, Махамбет ауданында арақ ішіп келіп, әкесін балағаттаған азамат қамауға алынды. Бұл туралы редакциямызға аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Аудандық сот қызметінің берген ақпарына сәйкес, құқық бұзушы Ж.К., Махамбет ауылындағы үйіне алкогольден масаң күйде келіп, әкесі И.С-ны балағаттап, сыйламаушылық білдіріп, оның ар-намысына тиетін сөздер айтып, жанұя тыныштығын бұзған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж.К. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 тәулік мерзімге қамауға алынған.
Баян СҮЙЕУОВА