Махамбет ауданында 450 жаңа жұмыс орны ашылды

20180915102801 Қоғам

Бұл туралы Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазіргі уақытта ауданда 557 адам жұмыс іздеуші ретінде хабарласып, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 375 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылған. Оның ішінде: 186 адам тұрақты жұмысқа, 27 адам әлеуметтік жұмысқа, 17 азамат жастар практикасына, 145 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа орналасқан.

– Аудан бойынша 450 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 259-ы тұрақты, 191-і уақытша. Оған қоса, 57 отбасының 331 адамына 9222,9 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 1 жастан 6 жасқа дейінгі 57 балаға 1 826,0 мың теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік пакеті таратылды, деді Р.Жанқылыш.

Сонымен қатар оның айтуынша, ауданда 1268 мүгедек адам бар, оның  309-ы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында тіркелген.

– Осы жылға оңалту техникалық құралдарымен, орындарымен, жеке көмекші және ымдау маманының қызметімен қамтамасыз ету 593 адамға  жоспарланды. Қазір 479 адамнан өтініш түсіп, 395 адам қажетті оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етіліп, оған бюджеттен 8710,5 мың теңге қаржы жұмсалды,  деді Р.Жанқылыш. 

Сондай-ақ, ол үйде тәрбиеленетін және оқитын 28 мүгедек балаға 617,5 мың теңге материалдық көмек тағайындалып, төленгендігін жеткізді. Оған қоса, 14 әлеуметтік қызметкер 69 жалғызбасты қартқа, 4 әлеуметтік қызметкер 14 мүгедек балаға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз