Атырауда кәсіподақ комитетінің көшбасшылары бас қосты (ФОТО)
Атыраудағы кәсіподақтар үйінде өткен Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік жиында аймақтағы кәсіподақ көшбасшылары мен белсенділері бас қосты.
Оларды облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Саламат Елеманов құттықтады. Өз кезегінде ол егемендігімізді сақтап қалу үшін қуатты экономика, мықты қорғаныс, қоғамдық келісімнің мәні зор екенін атап өтті.
«Бұл орайда кәсіподақтың да алар орны ерекше. Жалпылама шаралардан гөрі, ұйым мүшелерін қолдау мен қорғауға қатысты қолға алынған нақты істерді көрсету керек. Сөзден іске көшер сәт туды. Өйткені, кәсіподақтың бәрінен бұрын құқық қорғау ұйымы екенін ұмытпаған жөн. Кәсіпорындардағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрбір ұйым белсендісі өз үлесін қосуы тиіс. Мақсат ортақ – қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу»,-деді ол.
Жиын соңында кәсіподақ мүшелері мен бірқатар белсенді азаматтар марапатталды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ