Атырауда енді жолдар ақылы болмақ

Жаңалықтар

Қазақстандағы 5,5 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу жобасын даярлау жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады. Оның ішінде Атырау облысы да бар.

mashina_doroga_dvizhenie_1680x1050

Атап айтқанда, «Қапшағай – Талдықорған», «Астана – Қостанай – РФ шекарасы», «Павлодар – РФ шекарасы», «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы», «Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы», «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда», «Тараз – Қайнар», «Щучинск – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы», «Орал – РФ шекарасы», «Астана – Павлодар», «Ақтау – Бейнеу», «Қызылорда – Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шекарасы» ақылы болмақ.

Осы орайда, əлемге белгілі компаниялардан инвестиция тарту көзделген. Бүгінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 150 миллион АҚШ долларына Еуропа қайта құру және даму банкінің займын тарту жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен, таяуда республика бойынша 6,5 мың шақырым жол ақылы жүйеге көшпек.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз