Атырауда көше бойында 4 қыз жігітпен төбелесті (ВИДЕО)
Атырауда көше бойында 4 қыз жігітпен төбелесті. Сұмдық оқиға 14 қазан күні орын алған.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Төбелес Атырау қаласындағы Азаттық көшесінің бойында (Маслопром), «Молекула» диско-барының маңайында болған.
Куәгерлердің айтуынша, қыздар мен жігіттің төбелесі кафедегі кикілжіңнен басталыпты.
Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеода қыздардың жас жігіттің жағасына жармасып, қол жұмсағаны анық көрінеді. Тіпті, біреуі жігіттің басын шөлмекпен ұрып жіберген. Ал, жігіт өзіне қол көтерген қызды соққының астына алғаны байқалады.
Бүгінде, полицейлер төбелеске қатысушы адамдардың жеке-басын анықтап отыр. Олар: 26, 25, 20 және 18 жастағы қыздар. Барлығы да Атырау қаласының тұрғындары. Ал, 28 жастағы жігіт Қызылқоға ауданы, Миялы селосының тумасы болып шықты.
Қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 293-інші бабы, 2-інші бөлімі, 1-інші тармақшасы негізінде тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айдос Қарабала
Видео Youtube желісінен алынған