ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда қираған шатыр жөнделді
Наурыз айында ұйытқи соққан дүлей жел Атырау қаласындағы кейбір көп қабатты үйлердің шатырын ұшырған еді.
Соның ішінде Қ.Смағұлов көшесіндегі №56 үйді жаңғырту жұмыстарының жасалғанына біраз уақыт болғандықтан сақтандыру мерзімі де өтіп кеткен. Ал, бұл үй тұрғындарының басым бөлігі зейнеткерлер болатын.
Осы мәселені шешу жолдарын қала басшылығы қолға алып, «БайтерекКаспийСервис» ЖШС демеушілігімен техникалық талаптар толықтай орындалды.
Айгүл Ертілеу