Атырауда жанармай бекетін тонаған екеу ұсталды

4c0adbe5 c743 4e68 97ed 481bdaed225f Жаңалықтар

Atr.kz/18 ақпан, 2020 жылБұл оқиға Атырау қаласында түнгі сағат 3-тің шамасында болған.

Бетіне медициналық бетперде киген белгісіз екеу Лесхоз шағын ауданында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған.

Операторды пышаққа ұқсас өткір затпен қорқытқандар кассадан 200 мың теңгені алып, қашып кеткен. Алайда, түн жамылған тонаушылар алысқа ұзай алмай, полицейлер қолына түсті.

«Күдіктілер Лесхоз және Көкарна шағын аудандарында тұратын жастар болып шықты. Бірінің жасы 23-те, екіншісі –18-де. Ұсталғандардан ұрланған ақша алынды.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр» деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз – қызметі.

Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/d%D2%AFngender-%D2%B1jymyny%D2%A3-basshysy-%D2%9Bordaj-turaly-m%D2%B1ny-istegen-%D2%9Baza%D2%9Btar-emes/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз