Атырауда сауна иесі бес тәулікке қамалды

1435561497general pages 29 june 2015 i25974 voditel tramvaya sbivshaya v s COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/7 сәуір, 2020 жыл. Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған 108 оқиға тіркелді.

Соның бірі елдегі жағдайға қарамастан, ақша табуды артық көрген сауна иесі карантин талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырғаны үшін бес тәулікке қамалды.

Исатай ауданында карантинмен бекітілген уақыттан тыс қонақ қабылдап жатқан дәмхана жұмысы әшкереленді.

Осыған ұқсас оқиға Атырау қаласындағы асханалардың бірінде тіркелді. Қаладағы Тайманов көшесіндегі асханаға келушілердің ішінен алты адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Олар қоғамдық орында мас жағдайда болғаны және полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен бірге, блок посттарды айналып өтпек болғандардың он дерегі тіркелді.

Қазіргі таңда 86 әкімшілік іс бойынша сот шешімі шықты, 22 іс қаралуда» делінген Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-koronaviruspen-tirkelgen-so%d2%a3%d2%93y-%d2%afsh-nau%d2%9basty%d2%a3-zha%d2%93dajy-turaly-belgili-boldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз