Атырауда Еспол ауылының әкімі сотталды
Атырау облысы Индер ауданы Еспол селолық округінің әкімі Қалиев Ерлан Самиғоллаұлы қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, қызметтік жалғандық жасағаны үшін соталды. Бұл туралы редакциямызға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті хабарлады.
Департаменттің хабарлауынша, бүгінде Индер ауданының Еспол селолық округінің әкімі Қалиев Ерлан Самиғоллаұлы «Өңірді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Еспол селосында су желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлінген ақша қаражатының 9 млн. теңгеге нақты орындалмаған жұмыстарға жасақталған құжаттарға қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланып, қызметтік жалғандық жасаумен байланысты заңсыз әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
Индер аудандық сотының үкімімен Қалиев Е. өмір бойы мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырыла отырып, жалпы соммасы 1 166 550 теңге айыппұл төлеуге сотталды.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ