Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда ер адам досын орындықпен 115 рет ұрып өлтірген

Атырауда ер адам досын орындықтың сынған аяғымен ұрып өлтірген. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

92698a40-f325-4e1b-adfc-5638da61ab8c_1

Қылмыстық істі тергеу барысында анықталғанындай, сотталушы жәбірленушімен бірге сприттік ішімдік ішкені анықталған.

Ішімдікке сылқия тойып алған олардың арасында жанжал туындаған. Жәбірленуші досының басына ыстық шәй құйып, ас үй столын аударып тастаған.

Бұған ашуланған сотталушы сынған орындықтың басында темірі бар аяғымен досының басына және бүкіл денесіне 115 соққы жасаған.

Жәбірленуші алған осы жарақаттарының нәтижесінде миына қан құйылып қайтыс болған.

– Сот азамат Р.-ды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» бабы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтейтін болады, – деді ауданаралық соттың баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button