Атырауда екі күн бойы жолдар жабылады

d7ade449a93e388c205a8fb093e9ea8d L Жаңалықтар

Атырауда екі күн бойы жолдар жабылады.

d7ade449a93e388c205a8fb093e9ea8d_L

Атырау қалалық әкімдігі 7 сәуір күні таңғы сағат 08.00 – ден 9 сәуір күні таңғы сағат 06-00-ге дейінгі аралықта көлік қозғалысына уақытша шектеу қоймақ.

«Еріген қар суын және жаңбыр суларын бөліп әкету үшін дренаж құбырларының салынуына және асфальтбетон жабындылары қалпына келтірілуіне байланысты Құрманғазы көшесі бойындағы «Каспий» автобус аялдамасынан «Гелиос» жанар-жағармай құю стансасына дейін көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын ескертеді», – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, Авангард шағын ауданы арқылы қозғалатын №4 «Нұрсая ы/а-Авангард ы/а-Алмагүл ы/а-Дина базары», №11 «ММС-Өркен ы/а-Авангард ы/а-Атырау ы/а»; №12 «Авангард ы/а- – Балықшы кенті», №14 «Авангард ы/а – т/ж Вокзалы», №15 «Сарықамыс ы/а-Мұнайшы ы/а»; №30 «Жеңіс саябағы–Тұрғын үй қалашығы ы/а» және №30-а «Нұрсая ы/а-Тұрғын үй қалашығы ы/а» қалалық жолаушы тасымалдаушы көліктері Владимирский көшесі және Гумаров көшесі арқылы қозғалатын болады.

Хорлан СМАДИЯР

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз