Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі

Атырауда «е-ПИК» жобасы енгізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев мәлім етті.

ipad-tablet-technology-touch

«Аталған жоба «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады. Мақсаты — кондоминиум объектісін басқарушы органдар мен қала тұрғындары арасындағы дауларды азайту, ПИК қызметіне автоматтандырылған шешім енгізу. Нәтижесінде, тұрғындар үшін қызмет көрсету сапасы жақсарып, жұмыстың айқындылығы артпақ», — дейді Қ.Хабиев.

Сондай-ақ, «е-ПИК» жобасы шеңберінде атыраулықтар арнайы порталда жеке кабинет ашып, өтініштерін қалдыра алады. Жеке кабинетте ПИК хабарламаларын оқуға мүмкіндік қарастырылған. Спикердің айтуынша, қала тұрғындары деректерін «е-ПИК» жобасына atyrau.opencity.kz сайты арқылы енгізе отырып, арыз-шағымдар, тапсырыстарын жаза алады.

Айта кетейік, бұл жобаның ұялы қосымшасы қазан айынан бастап іске қосылады деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button