Атырауда дзюдодан Қазақстан чемпионаты аяқталды (ФОТО)
Кеше Атырау қаласында дздодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты өз мәресіне жетті.
Екі күн қатарынан өткен байрақты бәсекеде Астана және Алматы қалаларымен қатар, еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық татами шеберлері бақтарын сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша, медаль саны жөнінен ШҚО дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен көш бастады.
Алматы облысының дзюдошылары 3 алтын, 1 күміс, 2 қоламен екінші орынға ие болса, Маңғыстау облысының татами шеберлері 3 алтын, 2 қоламен 3 орынға тұрақтады.
Дздодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионатында 81 келі салмақ бойынша Ақтөбе облысынан келген Еламан Қойшыбаев жеңімпаз атанса, екінші орынды шығысқазақстандық Мадияр Сембаев, үшінші орынды алматылық Бақытжан Әліжанұлы мен қызылордалық Ақылбек Серіктер өзара бөлісті.
Ал, 90 келі салмақ бойынша шығысқазақстандық Алмас Акрашевқа алтын медаль бұйырса, күміс жүлдеге алматылық Болат Ерасыл, қола жүлдені алматылық Бекарыс Абушахан мен қарағандылық Мадияр Көпжасаровқа бұйырды.
Келесі болып өнер көрсеткен -100 келі салмақ дәрежесінде шығысқазақстандық Жасұлан Мұхаметжановқа бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды жерлестеріміз Арман Қалиев пен Райымбек Ашықбаевтар иеленді.
+100 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасқан Батыс Қазақстан облысынан келген Темірлан Көлбай бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға алматылық Ертуған Бақыткелдіұлы, үшінші орынға жамбылдық Ғалымжан Қырықбай мен қарағандылық Санжар Жаббаровтар тұрақтады.
Қыздар арасында -70 келі салмақта алматылық Жанар Қашқын алтын медальге ие болса, Алматы қаласынан келген Аэлита Щербаковаға күміс жүлде бұйырды. Үшінші орынды қарағандылық Ажар Салықова мен қызылордалық Арайлым Оразбайлар өзара бөлісті.
Татами төріндегі +78 салмақ дәрежесінде алматылық Камила Берліқаш бірінші орынды, атыраулық Саида Капсалякова екінші орынды, қызылордалық Қамбат Тұршабектер үшінші орын тұғырынан көрінді.
Абай АБЫЛАЙҰЛЫ