ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
Атырауда бейіт маңында тоғыз жасар қызды зорламақ болған азамат сотталды
Атырау облысында мектеп оқушысын зорламақ болған ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл туралы редакциямызға Атырау облысының қылмыстық істерге қатысты мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға былай өрбіген. Ағымдағы жылдың сәуір айында Атыраудағы Мирный поселкесінің тұрғыны өз үйінің жанында 9 жасар қызды көріп қалады. Қызды қорқытып ұстап алған ол зиратқа апарып, өзінің арам ойын іске асырмақ болады. Алайда, қыз бала оның қолынан сытылып шығып, үйіне қашып кетеді.