Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда баспаналы болу үшін 15 миллион теңгеңіз болуы керек

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерге әркім қол жеткізе алады. Ол үшін небәрі «Центр кредит» банкінен ең көп дегенде 15 миллион теңге субсидияланған қарыз алсаңыз жеткілікті.

432d26175a7010b9a9c6cfab64acedab_XL

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен брифингте «Қазақстандық ипотекалық компания» акционерлік қоғамының Атыраудағы өкілі Әлімжан Дабысов және «Центр кредит» банкінің филиал директоры Мұратбек Жалбаров хабарлады. Сыйақы мөлшерлемесі бірінші айдан 120-айға дейін он пайыз, ал, 121-айдан 180 айға дейін 16 пайызды құрайды. Қарыз беру туралы өтінімді қарастырып, оны ұйымдастырғаны үшін банк комиссия алмайды. Қаржыландыру 180, субсидиялау 120 айлық мерзімді қамтиды. Ипотека ұзақтығы – он жыл. Бір артықшылығы, табысты растамай-ақ несие алуға мүмкіндік бар.

Жалпы, биылдың алғашқы жартысында 291,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдануға беріліпті. Бұл былтырмен салыстырғанда 22,6 пайызға көп. Ал, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелерін жүргізу үшін 11,2 млрд. теңге бөлінген.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button