ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырауда барлық телеарналар өшіріледі
Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телевидение өшіріледі. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
– «Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі» жобасын жүзеге асыру аясында Атырау облысының радиотелеарналық стансаларында (РТС) аналогты эфирлік телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын өшіру жұмыстары жүргізіледі», – деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі. 4 және 5 қыркүйек күндері Мақат кентінде, 6-сы — Құлсары, 7-сі — Зинеден, 8-і — Жаңаауыл, 9-ы — Индербор, 10-ы — Қаракөл және Миялы, 11-ы — Сағыз кентінде телеарналар сөндіріледі. Телеарналардың өшірілуі Астана уақытымен 9-дан 10-ға дейін жүргізіледі.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Құрметті менің әріптестерім, ойласу үшін жазамын, бізге КазГУ-де «Журналистикаға кіріспеден» дәріс оқыған Тауман Амандосов: «Телевидение деген орыс тілінде, ал қазақшасын айтқанда, телевизия деу
керек», -деп еді. Осы туралы ақылдасып көрсеңіздер. Мына мәтінде «Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телевидение өшіріледі.» делінген екен.