Атырауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті (ФОТО)

IMG 6785 Жаңалықтар

Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік кешті өңірдегі зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек озаттары мен қала тұрғындары тамашалады.

IMG_6785

Жиынға қатысқан облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды еліміздің егемендік алған күнімен құттықтап, оның мәні мен маңызына тоқталды.

IMG_6786

– Бүгінгі күн – бабаларымыз аңсаған күн. Елдік пен бостандық жолындағы күресінде талай боздақтардың армандаған тәуелсіздігі бізге бұйырды. Бұл – үлкен мәртебе және бақ. Әлемде мыңнан астам ұлт этностарының тек 195-інің ғана өзінің мемлекеті, жері бар. Ал, саны жағынан Қазақстан халқын бірнеше есе озып өтетін талай ұлт өкілдері алақандай жер таба алмай жүр. Ұлан байтақ ұлы далада мекен еткен қазақстандықтардың бағына берілген бұл Тәуелсіздікті құлатпай ұстап тұру – бізге парыз, – деді.

IMG_6789

Бүгінде еліміздің түрлі салалар бойынша жетістіктерге жетіп жатқанын айтқан аймақ басшысы Нұрлан Асқарұлы мұның барлығы Елбасының сарабдал саясатының жемісі екенін атап өтті.

IMG_6788

Сондай-ақ, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Президент Жарлығына сәйкес мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматты ҚР-ның Мемлекеттік наградаларымен марапаттады.

IMG_6790

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Қадыр Жүсіпке «Парасат» ордені табысталды. Ал, ҚР жеке сот орындаушылар республикалық палатасы төралқасының төрағасы Амангелді Абдолов, мұнай-газ саласының еңбек ардагері Зинон Әбдірахманов, «Атырауинждорстрой» серіктестігінің директоры Бөлек Әлменбаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық филиалының төрағасы Әліпқали Бекеш, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әнші-термешісі Қайрат Кәкімов «Құрмет» орденіне ие болды.

IMG_6787

Сонымен қатар, бірнеше азамат ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, «Шапағат», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, ҚР-ның Құрмет грамотасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Салтанатты басқосу облыстың өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз