Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда қайын атасын балағаттаған азамат қамауға алынды

Атырау облысының Махамбет ауданында қайын атасын балағаттаған азамат қамауға алынды. Бұл жөнінде редакциямызға аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

351847486

Махамбет ауылында тұратын азамат Р.М үйіне ішімдік ішкен масаң күйде келген. Кейін кешкі тамақтану уақытында қайын атасы Б.Т-ны балағаттап, дөрекілік көрсетіп, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Ашу үстінде үйдегі барлық тұрмыстық заттарды сындырып, жанұя тыныштығын бұзған.

Сот тараптардың түсінігін тыңдап, істің мән-жайларын толықтай зерттеп, құқық бұзушы Р.М-ны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп таныған. Р.М 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған.

Баян СҮЙЕУОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button