Атырауда ауа температурасы төмендейді

1480308593 995315 Жаңалықтар

Облыста қаңтардың 23-24 күндері термометр көрсеткіші 15-20 градусқа дейін төмендейді, ал солтүстік және солтүстік шығыс бөліктерінде 24-29 градус болады деп күтілуде. Ал, күндіз -5-10 градусқа дейін, кейбір жерлерде -13-18 градусқа дейін төмендейтін болады.

1480308593_995315

– Атырауда ауа температурасы бүгін түнде 15-17 градусқа дейін төмендейді. Күннің екінші жартысында көшпелі бұлтты болады, ауа температурасы 6-8 градус аяз болады», – деп ескертеді «Қазгидромет»РМК Атырау филиалының метеорологиялық болжау және байланыс бөлімінің басшысы Аина Казгулова.

Сондай-ақ, күндіз солтүстік-шығыс бағыттан екпіні 5-10, күндіз оңтүстік-шығысқа ауысып соққан желдің екпіні 8-13 м/с жылдамдықта соғады. Желдің сезімталдығынан ауа температурасы тіпті суық болады.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз