Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық

Атырауда қарындасын зорламақ болған жігіт 10 жылға сотталды

Атырауда жиені мен қарындасына азғындық әрекет жасап, зорламақшы болған жігітке сот үкімі шықты. Аталмыш істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Бұл туралы редакциямызға облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

1401619

Баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы жылдың маусым айында сотталушы 5 жастағы жиені мен 13 жасар қарындасы үйде жалғыз қалғанын пайдаланып, оларды қорқытып шешіндірген. Сөйтіп, азғындық сипаттағы әрекеттерді жасауға әрекеттеніпті. Сол кезде қыздар айғайлап, жылай бастаған соң, кішкентайлардың әкесі үйге жүгіріп кірген.

Аталған қылмыстық істі  қарау барысында алқабилер алқасы сотталушының кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін кінәлі деп тану туралы шешім етті.

Нәтижесінде, Қылмыстық кодекстің 124 бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыскерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сот үкімімен ол кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты педагогикалық және өзге де лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button