ЖаңалықтарЭкологияҚоғам
Атырауда қараша айының алғашқы онкүндігі жаңбырлы болады деп күтілуде
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны хабарлағандай, бұл айда ауаның орташа температурасы күндіз 6 градус жылылықты көрсетсе, түнде 0 градусқа дейін төмендеп, суық болады.
Әйтсе де, қар жауа қоюы екіталай. Екінші онкүндік жылы, күндіз +10, түнде 0 градус болады. Айдың аяғында термометр көрсеткіші +15 градусқа дейін көтерілсе, соңғы аптада тұман басады. Батыс жақтан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деген болжам бар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ