Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономикаҚұқық

Атырауда апатты жағдайдың алды алынды (+ФОТО)

Жылу электр орталығында болған апатты жағдайдан кейін Атырау қаласының әкімі үйлерге жылу берілуін бақылады.

FB_IMG_1547987633185

Алимұхаммед Құттұмұратұлы жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Алмагүл ықшам ауданында болды.
«Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахмановтың айтуынша, Алмагүл ықшам ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлерге жылу берілген. Бірақ қазір су құбырының қысымын дұрыстау жұмыстары жүріп жатыр.
— Гидравликаны қалпына келтіргеннен кейін бұл үйлерге кешкісін жылу беріледі,-деді Айбар Рахманов.
Сонымен қатар, қазір Балықшы ықшам ауданында ыстық сумен жабдықтау апатты жағдайда істен шықты.
— Осының себебінен Балықшы ықшам ауданындағы жеті үй ыстық сусыз қалды. «Гранд Мастер» ЖШС жұмысшылары апаттың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырамыз,-дейді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Шәкір Кейкин.
Атырау қаласының әкімі Алмагүл ықшам ауданына барып, тұрғындармен кездесті. Шаһар басшысы проблема тікелей облыс әкімінің бақылауында екенін, барлық құзырлы органдар жұмылдырылғанын атап өтті.

FB_IMG_1547987640325
Еске сала кетейік, 19 қаңтар күні кешкісін ЖЭО-нда екі магистралды құбыр желісінің бірінен ұзындығы бір жарым метрлік учаскеде су кеткені анықталды. Зақым келген тұстағы суды тоқтату үшін сағат барлық сорғылар өшірілді, соның салдарынан қала жылу желісінде жылу беру тоқтады. Апаттық жағдайды жою бойынша жұмыстар Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың жеке бақылауында. Оқиға орнында апаттың салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жедел штаб құрылды.
Зақым келген учаскені өшіргеннен кейін құбыр желілері сумен толтырылып, қалаға жылу беру қалпына келтірілді.
Қазір магистралды құбыр желісінің зақым келген учаскесін ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр.

FB_IMG_1547988012972

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button