
Жаңалықтар
Атырауда апатты үйлердің проблемасы шешіледі

Алматылық екі құрылыс компаниясы Атырау қаласында жаңа тұрғын үй салу туралы облыстық әкімдікпен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
-Ескі үйлер бұзылады. Оның орнына МЖӘ негізінде алматылық екі құрылыс компаниясы Атырау қаласында жаңа тұрғын үй құрылысын жүргізеді,-деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Атырау облысында 2017 жылы 624,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Хорлан Смадияр