Жаңалықтар
Атырауда анти-террорлық жаттығу өтеді
19 қазанда ҚР Терроризмге қарсы Орталығының эгидасы аясында Атырау қаласы аумағында «Найза-Антитеррор-2018» терроризмге қарсы күрес оқу-жаттығуларын өткізу жоспарлануда. Бұл туралы Атырау облыстық терроризмге қарсы күрес жедел штабы хабарлады.
Оқу-жаттығудың мақсаты – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының террористік актілерді алдын алуға бағытталған дайындықтарын тексеру.
Аталған мерзім ішінде Атырау қаласының кейбір аудандарында шектеу шаралары қолданылатын болады.
–Облыс тұрғындары мен қонақтарын өткізіліп жатырған оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауларын өтінеміз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады, – делінген баспасөз хабарламасында.
Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды