Атырауда академик Ғалымжан Нұрышевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды
Бүгін Атырау «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық білім академиясының академигі, еліміздің жоғары білім беру саласының дамуына зор үлесін қосқан Нұрышев Ғалымжан Жұмабайұлының 1995-2004 жылдары тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату рәсімі өтті.
Шараға ғалымның туған-туыстары, қызметтестері, дос-жарандары мен облыс жұртшылыға қатысты.
Тақтаның ашылу рәсімінде сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ғалымжан Нұрышевтың кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттерін тілге тиек етіп, оның өмір жолынан кейінгілерді үлгі алуға шақырды.
Жиында сонымен қатар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Ахатұлы Талтенов, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әнес Бисенұлы, ақын-жазушы Жүсіп Қадір сөйлеп, жиылғандарды естелік тақтаның ашылуымен құттықтады.
Бұдан соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде профессор Нұрышев Ғалымжан Жұмабайұлын еске алуға арналған «Жақсының жарығы өшпейді» атты дөңгелек үстел өтті.