ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда 45 жасар азаматты екі жігіт соққыға жыққан
Атырауда 45 жасар азаматты екі жігіт соққыға жыққан. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Оқиға 1 қаңтар күні, сағат 01:28-де болған. 1972 жылы туған азамат №1 қалалық полиция бөліміне телефон шалып, өзін Тұрғындар қалашығы ықшам ауданы, Мәметова көшесінде белгісіз біреулердің ұрып кеткенін мәлімдеген.
Жедел іске кіріскен полицейлер көп ұзамай 2 күдіктіні қолға түсірген. Олар – 1988 және 1984 жылы туған қала тұрғындары болып шықты.
Бүгінде Қылмыстық Кодекстің 293-інші бабы, 2-інші бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Айқара Ғұмар
Фото prm.ua сайтынан алынған