Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда 300 отбасына қайырымдылық жасалды (ФОТО)

Бүгін Құрбан айт мейрамының құрметіне орай орталық «Иманғали» мешітінде 300 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен бұл отбасыларға тегін ет таратылуда.

Главное фото

Мешіт ауласына арнайы құрылған ақшаңқан киіз үйдің алды ығы-жығы адам. Мешітке Құрбан айт мейрамы басталмас бұрын көмек алуға өтініш білдірген мұқтаж жандарға осы киіз үйде тізім бойынша құрбан малдарының еті таратылды.

ANU_7618

Әуелі ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров құттықтап, аталмыш айт мейрамының мәні мен маңыздылығына тоқталып өтті.

ANU_7628

– Биыл біздің мешіттен қайырымдылық көмегін алғысы келетін 300-ден аса отбасы тіркелді. Өзіңіз білесіз, қазір мешіттің маңайында ешқандай мал сойылмайды. Барлығы арнайы орындарда сойылып жатыр. «Етті кім алып келіп жатыр?» деген сұраққа келсек, етті халықтың өздері ниет етіп шалған құрбан малдарынан мешітке әкеліп қайырымдылық үшін өткізіп жатыр. Сол еттерді халыққа үлестірудеміз. Бір отбасына 5 кг еттен беріледі. Биыл біздің мешітке өтініш білдірген халық өте көп. Сондықтан да, аздан таратуға мәжбүрміз. Аз болса да, барлығының өтініші жерден қалмай, құрбан малдарынан ауыз тисін деген ниетті ұстанып отырмыз. Жыл сайын қайырымдылық шарасында көмек көрсететін отбасыларымыздың саны артып келеді. Бірақ, Аллаға шүкір, соған қарамастан көмек қолын созған жандардан бастап қарапайым тұрғындардың өздері үлкен көмек көрсетуде. Біз осы мақсатта жамағатпен тығыз жұмыс жасап, түсіндіру жұмыстарын кеңінен атқарып келеміз, – деді орталық мешіттің бас имамы Батыржан Мансұров.

ANU_7649

– Несін жасырайын, әлеуметтік жағдайымның төмен екендігі рас. Алты балам бар, күйеуім жоқ. Өзім жұмыссызбын. Жыл бойы «Иманғали» мешіті назардан қалдырмай, қолдарынан келген көмектерін аямайды. Батыржан бастаған мешіт қызметкерлеріне алғысым шексіз, – дейді Венера есімді атыраулық тұрғын бізбен әңгімесінде.

ANU_7637

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button