Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда 300 отбасына қайырымдылық көмегі көрсетіледі

Бүгін Құрбан айт мейрамының құрметіне орай орталық «Иманғали» мешітінде сағат 15:00-де 300 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетіледі. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және тұрмысы төмен бұл отбасыларға тегін ет таратылады. Бұл туралы ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы, PhD докторы Батыржан Мансұров бізге берген сұхбатында атап өтті.

ЕАС 1096

– Биыл біздің мешіттен қайырымдылық көмегін алғысы келетін 300-ден аса отбасы тіркелді. Қайырымдылық шарасы жергілікті уақытпен сағат 15:00-де басталады. Өзіңіз білесіз, қазір мешіттің маңайында ешқандай мал сойылмайды. Барлығы арнайы орындарда сойылып жатыр. «Етті кім алып келеді?» деген сұраққа келсек, етті халықтың өздері ниет етіп шалған құрбан малдарынан мешітке әкеліп қайырымдылық үшін өткізіп жатыр. Сол еттерді халыққа үлестірмекпіз. Бір отбасына 5 кг еттен беріледі. Биыл біздің мешітке өтініш білдірген халық өте көп. Сондықтан да, аздан таратуға мәжбүрміз. Аз болса да, барлығының өтініші жерден қалған, құрбан малдарынан ауыз тисін деген ниетті ұстанып отырмыз. Жыл сайын қайырымдылық шарасында көмек көрсететін отбасыларымыздың саны артып келеді. Бірақ, Аллаға шүкір, соған қарамастан көмек қолын созған жандардан бастап қарапайым тұрғындардың өздері үлкен көмек көрсетуде. Біз осы мақсатта жамағатпен тығыз жұмыс жасап, түсіндіру жұмыстарын кеңінен атқарып келеміз, – деді орталық мешіттің бас имамы Батыржан Мансұров бізбен әңгімесінде.

ЕАС 1136

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button