Атырауда 30 844 шетел азаматына жұмыс жасауға арнайы рұқсат берілді

20170818191843737 big Жаңалықтар

Енді шетел азаматтары мұнайлы өңір Атырауда еш қиындықсыз жұмыс жасай алады. Бұл туралы редакциямызға Атырау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

20170818191843737_big

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шетел азаматтарына, яғни, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасы» ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 8 ақпандағы № 76 бұйрығымен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Атырау қаласы бойынша 30 844 шетел азаматтарына жұмыс жасауға рұқсат берілген көрінеді. 

– Рұқсат алу үшін еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметі бөліністеріне мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы сауалнама-өтініш;

2) жеке кіріс салығы бойынша алдын ала төлемді төлегені туралы түбіртек көшірмесін (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

3) Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін беріледі);

4) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген № 86/е нысан бойынша медициналық анықтаманы;

5) жүргізілген дактилоскопиялау және суретке түсіру туралы анықтама – осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ұсынады (Көшіп келушінің алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде еңбек рұқсатын алғаны туралы мәліметтер болған кезде дактилоскопиялау және суретке түсіру жүргізілмейді).

Басқа құжаттарды талап етуге жол берілмейді, – дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасына кірген немесе бастапқы тіркелген кезде көрсетілген шетелдіктің кіру мақсаты еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды екен.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз