Атырауда 2018 жылы 220 шақырым жол жөнделеді (ФОТО)
Биыл қалалық әкімдік жүргізілген инфрақұрылым аясында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық желісі бойынша 311 көшені, құрылыс бөлімі арқылы 139 көшені асфальттауды жоспарлады, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
2017 жылы облыста 296,6 шақырым жол салынды, оның 236,6 шақырымы Атырау қаласында. Облыс орталығында асфальттанған жолдың негізгі көлемі қала маңындағы селолық округтерге тиесілі.
Осы орайда, 5 қараша күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қала маңы аумағындағы жол құрылысын тексерді. Атырау қаласының әкімі Серік Шапкеновтің айтуынша, жоспарланған жол көлемі аяқтала келген, құрылыс қараша айының алғашқы жартысында бітеді.
Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы ауданы 21 800 шаршы метр автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ұзындығы 220 шақырым болатын 207 көшенің жол-құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасау үшін жергілікті бюджеттен 450 млн. теңге бөлініпті. Бұл жұмыстар 2018 жылы басталады.
«Көшелерді асфальттау жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес жүйелі түрде жүруі керек»,-деді құрылыс қарқынымен танысқан аймақ басшысы. «Біздің міндетіміз халықты сапалы да жақсы жолмен қамтамасыз ету».
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тексеру қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Айқара Ғұмар
Сәлеметсізбе!
Қандай елді мекендерге салынатыны жөнінде толығырақ ақпарат сухбат жаза аласызба