Жарнама
Жаңалықтар

15 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Бүгін Атырау облысындағы мектептерге 118 мың оқушы келді, оның 15 мыңнан астамы білім ошағына алғаш рет қадам басушылар.

WhatsApp Image 2018-09-01 at 15.45.07 (1)

Оқу жылы жарқын жаңалықтармен және алғашқы қоңырау салтанатымен басталды. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты шараға қатысып, тілегін арнады.

 Барлық ұстаздарды, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаймын. Соның ішінде мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балалар үшін бүгін мереке. Мектептен алған білімдеріңіз болашақ өмірлеріңізге жолдама береді. Өскелең ұрпақтың кәсіби, сапалы білім алуына қажет жағдайдың бәрін жасауға тиіспіз. Мемлекет басшысының саясаты біздің тәуелсіз еліміздің нығаюына бағытталып отыр. Экономиканы дамыту, азаматтарымызды әлеуметтік жағынан қорғау, өмір сүру деңгейін көтеру қазақстандықтардың болашаққа деген сенімін  арттырады, – деді  Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-09-01 at 15.49.02

Облыс әкімі жаңа оқу жылынан бастап мектептерге «Өлкетану» (Туған өлке тарихы) атты жаңа пән енгізіліп отырғанын айтты. Бұл – тәрбие мен жас ұрпақты  дамыту жолындағы маңызды қадам. Елбасының “Рухани жаңғыру”  бағдарламасы қоғамның барлық салаларын қамтиды. Ең алдымен өскелең ұрпақтың бойында туған жеріне, шыққан тегіне деген құрметті қалыптастырады.

– Құрметті ұстаздар, оқушылардың білім деңгейі сіздерге байланысты. Сіздердің қамқорлықтарыңыз, білімдеріңіз шәкірттеріңіздің биік белестерді бағындыруларына жол ашады. Өткен оқу жылында 71 оқушы түрлі өнер, білім жарыстарында жүлдегер атанды. 20 атыраулық оқушы  халықаралық байқауларда жүлделі орындарды алды. Заман талабына сай жаңа технологияларды дамытуға және оларды балалардың меңгеруіне көңіл бөліп келеміз. IT-сыныптар ашылуда,  оқу орындарының 90%  астамы кең жолақты интернет жүйесіне қосылған. Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде 45  робот техника сыныптары жұмыс істейді. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр. Егер біз табысты, бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, балаларымызға қолжетімді кәсіби білім беруге тиіспіз, – деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі 1 қыркүйекте облыс бойынша жаңадан екі мектеп, үш балабақша, музыкалық колледждің жатақхана ғимараты пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін білім беру саласында тағы да жаңа нысандар ашылатынын айтып өтті.

WhatsApp Image 2018-09-01 at 15.45.07 (2)

Мерекелік шарадан кейін облыс әкімі бірінші сынып оқушыларымен бірге «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы алғашқы сабаққа қатысты.

Айта кетейік, оқу жылының алғашқы күнінен бастап бірінші сынып  оқушылары Қазақстан тарихы, еліміздегі белгілі тұлғалар жайлы танымдық мәліметтер алды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button