Жаңалықтар
Атырауда 10 жастағы бала суға батып кетті
Атырауда 10 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Atr.kz облыстық ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 29 сәуір күні Ширина поселькесі, Бекмағамбетов көшесіндегі «Жайық» өзенінің бойында болған.
— «Жайық» өзеніне бойында орналасқан пирста ойнап жүрген кезінде бала абайсыздықтан аяғы тайып, суға батып кетті. Өлі денесін тұрғындардың өз күштерімен судан шығарылып полиция қызметкерлеріне тапсырылды, -делінген хабарламада.
Хорлан Смадияр