ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырау тұрғындары жағымсыз иістің себебін енді өздері анықтамақ
Үш аптадан бері қала тұрғындары мұнай өнімдерінің иісіне тұншығуда. Соған қарамастан, эколог мамандар зиянды заттардың жоқтығын анықтап отыр. Міне, сондықтан да, ауаның құрамын өздігінен бақылау үшін тұрғындар газ талдаушы құрылғы сатып алуы қажет екен.
«Байтақ болашақ» экологиялық алянсы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Арман Хайруллин осылай деп отыр. Қазір ол осы мәселені әлеуметтік желілерде көтеріп жатқандығын айтады. Бұл ұсынысты тұрғындар да қызу қолдап отырғанға ұқсайды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.