Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында жаңа жолдар салу жұмысы жалғасуда

Биыл Атырауда 227 көшеге тас жол төселеді. Бұл 211 шақырым жолды құрайды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-05-17 at 11.38.57

Қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәлімдеуінше, бүгінгі күні «Көкарна», «Бірлік», «Мұнайшы», «Геолог», «Жұлдыз-3», «Жұлдыз-1,2» ықшам аудандарында, Бесікті және Дамбы ауылдарында жаңа жол құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

Осы жылы Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водников-2, Томарлы-2, Бірлік-2, Дамбы-2, Тасқала-3 ауылдарында жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 227 көшенің ЖСҚ әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін асфальт төсеу осы қала маңындағы елді мекендерде де басталады, — дейді қалалық ТКШ ЖК және АЖ бөлімінің өндірістік-техникалық секторының басшысы Акесен Ибрагимов.

WhatsApp Image 2018-05-17 at 11.38.58

Сондай-ақ, биылғы жылы 20 мың шаршы метрдей жолды шұңқырлы жөндеу жүргізу жоспарланып, оның ішінде 3 770 шарты метр жол жөнделгенің айтып өтті.

Ал 2018 жылы Атырау облысында барлығы 280 шақырым жолды асфальттау жоспарлануда.

Хорлан Смадияр

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button