Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау облысында жүзеге асқан партиялық жобаларға жоғары баға берілді

Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалының активімен мәжіліс өткізді.

WhatsApp Image 2018-09-07 at 17.12.11

Атырауда цифрлық сауаттылықты арттыру, ғылыми шығармашылық және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған бірқатар жоба жемісті іске асқан. Өңірде программалау және робототехника негіздеріне оқыту бойынша ІТ-сыныптар ашылуда. Дәстүрлі кітапханалар заманауи білім орталықтарына өзгертіліп, спорт алаңдары қайта жабдықталып, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым жасалып жатыр.

Партия мүшелері кездесуінің басты тақырыбы — Мемлекет басшысының еліміздің жетекші саяси күшін модернизациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыру болды. Партияның облыстық активімен кездесуде Мәулен Әшімбаев Елбасының тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ететін өзекті мәселелер туралы айтты. Бүгінде партиялық модернизациялаудың нақты жоспары дайын. Бұл реформа Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани салаларында модернизациялау бағытын саяси қолдаудың неғұрлым тиімді тетіктерін құруға мүмкіндік береді.

«Бірінші кезекте, біз партиялық кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруымыз қажет. Сапалық құрамды толық тексеру жүргізілетін болады, партиялық білім беру жүйесі жаңа деңгейге шығады. «Нұр Отан» жастармен белсенді ынтымақтастық жасап, мемлекеттік органдарда жұмыс жасау үшін олардың арасынан ең талантты және белсенділерін ұсына отырып, жоғары білікті басқарушыларды дайындайтын болады. Екіншіден, партия жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға қатысатын қуатты идея жасаушы, стратегиялық күш болуы тиіс. Нұротандықтар өз қызметтерін жандандырып, елімізде туындаған ең өзекті және проблемалық мәселелерге жедел әрекет ететін болады», — деді Мәулен Әшімбаев.

WhatsApp Image 2018-09-07 at 17.12.10 (1)

Ол Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша аймақта жүргізілген жұмыстарға оң баға берді. Қазіргі таңда «Нұр Отан» нақты істердің партиясы болған. Жобаларды уақытылы және сапалы іске асыру жергілікті жерлерде де жүргізілуде.

«Атырау облысында үлкен жұмыстар атқарылды, өңірдегі бастауыш партия ұйымдарының ойластырылған және үйлестірілген жұмысы қандай нәтиже бергенін көріп отырмыз. Барлық жаңа жобалар тұрғындар біздің жұмысымыздың нақты нәтижесін көретіндей етіп бағытталған. Біздің партия құрылған сәтінен бастап экономикалық, әлеуметтік және саяси салаларда Елбасының жүргізіп отырған саясатын белсенді және бірізді таратушы болды. Осы тарихи кезеңде өзіміздің басты миссиямызды Мемлекет басшысының сенімді тірегі және Қазақстанды үшінші модернизациялауға жүйелі қатысатын стратегиялық күш ретінде көреміз», — деп атап көрсетті Мәулен Әшімбаев.

Партиялық активте сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асырудағы жұмыстар туралы әңгімеледі.

«Мемлекет басшысы бастама жасаған барлық бағыттар бойынша облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ІТ-орталық құрды. Қысқа уақытта орталық 113 маман дайындады, оның ішінде облыс және қала мектептерінің 35 оқытушысы бар. Облыс бойынша программалауға оқытуды жүргізетін барлығы 10 ІТ-сынып ашылды. Студенттерді жатақханаларда орындармен қамтамасыз етуге үлкен назар аударылуда. Жаңа оқу жылының қарсаңында «ҚазТрансОйл» АҚ бұрынғы ғимараты Атырау мемлекеттік университетіне берілді. 450 орындық ғимарат студенттердің жатақхана мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні тағы да үш жатақхананың құрылысы жүргізілуде және сегізінің құрылысын салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда. 2020 жылға дейін біз студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін толықтай шешетін боламыз», — деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2018-09-07 at 17.12.10 (3)

Өңір басшысы кадр тапшылығы мәселесіне де тоқталды. Өткен жылы жергілікті бюджеттен Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсу үшін 222 грант бөлінген. Биыл тағы 247 жас қажетті мамандықтарға оқуға мүмкіндік алды. Осылайша бірнеше жыл ішінде облыста өңір экономикасының маңызды салалары – медицинада, білім беруде, ауыл шаруашылығында мамандардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жоспарлануда.

Партия активімен кездесуде бірқатар ұсыныс берілді. Атап айтқанда, мүгедектерді арнайы әдістеме бойынша оқыту, оларды нарықтың заманауи жағдайларында әлеуметтік ортаға бейімдеу және жұмысқа орналастыру, Қазақстанның қасиетті жерлеріне бару бойынша жастар бастамаларын қолдау.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бұл бағыттар партияның жұмысында маңызды және олар жақын арадағы жоспарларда ескерілетінін баяндады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button