ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атырау облысында тұрмыстық қалдықтар үшін он полигон салынады
Атырау облысында қатты тұрмыстық қалдықтар үшін, бірден он полигон салынады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Мерей Жантуреев мәлім етті.
«Полигондар Жылыой ауданының Құлсары қаласында, Исатай ауданының Аққыстау селосында, Индер ауданының Индербор поселкесінде, Махамбет ауданының Махамбет селосында, Мақат ауданының Мақат кентінде, Құрманғазы ауданының Сүйіндік, Котяевка, Ганюшкин селоларында, Қызылқоға ауданының Миялы және Сағыз ауылдарында салынады» деген спикер, қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамаларының жасақталып жатқанын хабарлады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.