Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алушылар қатары артты

Аймақта мемлекет қаражаты мен жеке инвестиция есебінен тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG-20180331-WA0003

2017 жылы Атырау облысында 36  тұрғын үй, 1977 пәтер пайдалануға берілді. 2018 жылы 3892  пәтерлік 44  көп қабатты тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды. Жеке салушылар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізуге белсенді қызығушылық танытуда.

Гүлзия Омарова осы бағдарламаны пайдаланушылардың бірі. Тұрғын үй құнының қажет 30% жинаған ол  бастапқы төлемді жасап, Нұрсая ықшамауданынан бір бөлмелі пәтерге қоныстанды.

-«Нұрлы жер» бағдарламасы туралы хабарландыруды әлеуметтік желіден көрдім. Талаптары көңілімнен шықты. Ай сайын үй құнының он пайызын ғана төлеймін, қалғанын мемлекет төлейді. Банкке комиссия төлемдері де жоқ,  құжаттар оңай,  тез ресімделді. Бұрын пәтерге қол жеткізу алыс арман секілді көрінетін, қазір қолжетімді екенін білдім, -дейді Гүлзия.

IMG-20180331-WA0001

Айта кетейік, «Нұрлы жер» ипотекалық несиелеу бағдарламасынан бөлек, өңірде мемлекет басшысы ұсынған «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер беріле бастайды. Аймақта коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлер де салынуда. Олар мемлекеттен пәтер алуға құқылы азаматтардың 13  санаты бойынша беріледі.

Жаңа пәтердің иесі атанған Клара Жұмашева да әлеуметтік аз қамтылған отбасы ретінде мемлекеттен пәтер алу кезегіне тұрған. Кезегі келген соң ол үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп, Наурыз мейрамын өз үйінде қарсы алды.

-Жылдар бойы үй жалдап, қиналып жүрдік. Ақша үнемі жетпейтін. Өткен жылы қараша айында кезегіміз жақындағанын, пәтер кілті берілетінін хабарлады, — дейді Клара Жұмашева.

Хорлан СМАДИЯР

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button