Жарнама
Жаңалықтар

Атырау облысында газ 50 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін

Атырау облысында газдың бағасы 50 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы монополист компания қоғамдық тыңдаулар барысында мәлім етті.1410844969_1

2016 жылдың қыркүйегінен бері облыста тұрғындарға арналған газдың тарифі бір текше метрі үшін — 6,4 теңгені, тұрғындарға жылу энергиясын өндіретін жылуэнергетикалық компаниялар үшін — 7,64 теңгені, заңды тұлғалар үшін 17,68 теңгені (қосылған құн салығынсыз) құрап келді.
Қоғамдық тыңдауларға қатысушыларға мәлім етілгендей, «ҚазТрансГазАймақ» 1 тамыздан бастап Атырау облысының тұтынушыларына тауарлы газды босату бағасын қайта қарау туралы өтінім білдірген.
«Халық пен жылуэнергетикалық компаниялар үшін газдың бағасын 9,61 теңгеге дейін; бюджеттік мекемелер үшін 40,93 теңгеге дейін; заңды тұлғалар үшін 27,41 теңгеге дейін арттыруды сұрап отырмыз», — деп өтініммен таныстырды «ҚазТрансГазАймақ» Атырау филиалының директоры Мақсұт Әбуов.
Тарифті қайта қарауға негіз болған себептердің бірі Қазақстанның ішкі нарығында тауарлы газдың көтерме бағасының 11 пайызға артуы. Сондай-ақ шикізатқа, материалдар мен энергияға бағаның өсуімен байланысты газды жеткізу шығындарының артуы негіз болып отыр. Бұдан бөлек, инвестициялық бағдарламаның енгізілуі мен абоненттер санының артуы да газ бағасын арттыруға мәжбүр етуде.

Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы түпкілікті шешім қабылдау үшін Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне (монополияға қарсы ведомство) жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button