Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырау облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру үшін Үйлестіру орталығы құрылды

Орталықтың жобалық кеңсесі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде орналасқан,- деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникация қызметі.

IMG-20170727-WA0005

Орталық қызметкерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың, жастар ресурстық орталығы мен білім, мəдениет салаларының өкілдері бар. Жаңа орган «Туған жер», «Киелі жерлер географиясы», «100 жаңа есім» бағыттары бойынша жұмыс істейді.

«100 жаңа есім» бағыты ел дамуына елеулі үлес қосқан, мамандығы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен белгілі тұлғаларды ғана емес, ізгі істерімен ерекшеленген ерікті, меценат, құтқарушы секілді қарапайым адамдарды да үлгі етіп, қоғамды тəрбиелеуге бағытталған.

— Біз осындай адамдарды тауып, өзгелерге үлгі етуіміз, айтуымыз керек, қоғамдық сананы қалыптастыруымыз керек,- дейді үйлестіру орталығы сараптама кеңесінің басшысы, тарих ғылымдарының докторы Мұқтар Əбілсейіт.

Сараптама кеңесінің құрамына ғалымдар, өлкетанушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Атырау облысы бойынша өкілдері мен журналистер енген. Кеңес мүшелері «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы бағдарламаларға сəйкес шаралар өткізу бойынша Үкіметтік емес ұйымдардан, этномəдени бірлестіктерден, жастар мен ардагерлер ұйымдарынан, жеке тұлғалардан ұсыныстар мен идеяларды қабылдап, қарайды.
Ұсыныстарды 87122 276506 телефоны бойынша айтуға болады.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button