Атырау облысында 2280 мемлекеттік қызметші тестілеуге қатысты
Атырау облысы бойынша тестілеуге «Б» корпусына қарасты 2280 мемлекеттік қызметші қатысқан.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Шолпан Қайненова мәлім етті.
«Тестілеу барысында 360 мемлекеттік қызметкер «өте жақсы», 1794 мемлекеттік қызметкер «тиімді», 119 мемлекеттік қызметкер «қанағаттанарлық», 7 мемлекеттік қызметкер «төмен баға» деңгейі нәтижелерін көрсетті» деп атап өтті спикер. Оның айтуынша, жаппай аттестациялау мемлекеттік қызметшілер корпусының кәсібилік деңгейін арттыру үшін қажетті шара болып отыр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА,
Өңірлік коммуникациялар қызметі.