Атырау облысында 17 жастағы келіншек төркініне барып асылып қалды
Атырау облысының Ақкөл ауылында 17 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол салды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап хабарлайды.
Бойжеткен тұрмыс құрған және Махамбет ауданында тұрып келген. Өз ата-анасына қонаққа келген ол үйінде ешкім болмаған сәтте сарайда асылып қалған. Ол кезде жақындары қонақта болғаны анықталды.
Заң бойынша қандай да бір салмақты себеп болған жағдайда АХАЖ неке жасын ең көбі екі жылға дейін түсіре алады. Оның өзінде бұл қадамға қыз баланың ата-анасы немесе асырап алушысы келісім беруі тиіс.
ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарованың айтуынша, «Кәмелет жасқа толмаған адамды өзіне қол салуға итермелеу» бабы бойынша соталды тергеу басталған.
Бойжеткеннің өзіне қол салуына интернеттегі қандай да бір суицидтік топтардың еш қатысы жоқ екені белгілі болды.