Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаШаһар шырайы

Атырау облысына мамандар еліміздің әр өңірінен шақыртылуда

Бұл туралы бүгін, 22 мамырда облыстық әкімдікте өткен селекторлық кеңесте айтылды.

medikov-so-vsej-stranyi-zovut-v-atyirauskuyu-oblast

Кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймұрзиева бір ай көлемінде атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Соның ішінде, облыс орталығындағы төрт және екі мамандандырылған емхананың қызметі мен кадр жетіспеушілігі мәселесіне ерекше тоқталды.

— Денсаулық сақтау саласы жайлы тұрғындардың санасында бір ғана түсінік қалыптасқан. Ол – шұбатылған кезек, мамандар тапшы болғандықтан, қызметтің де сапасыз көрсетілуі. Міне, осыларды біз ретке келтіруіміз керек. Ал, материалдық базамен жабдықталу Алматы және Астана қалаларының көрсеткішінен кем емес, — деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев. – Сондықтан, біз жүйені кері жасақтап,  білікті мамандарды тартуымыз қажет.  Емдеу мекемелерінің қызметін оңтайландыру мақсатында жаңа нысандар салуды қолға алу керек. Тұрғындар дәрігерге барғанда жоғары сапалы, кәсіби қызмет көрсетілетініне сенімді болуы тиіс. Соның ішінде, аурудың алдын алудың  халыққа жеткізілуін басты бағдарда ұстауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Құдайбергенқызына тапсырамын. Сала мамандарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, өзге өңірлерден қызметкерлерді тарту бағытында жұмыстану керек. Ал, баспана, еңбекақымен біз қамтамасыз етеміз. Мұның барлығы – тұрғындар өзге қалаларда емес, жергілікті жерде қажетті ем-домды алуы үшін жасалуда. Денсаулық сақтау саласы – қоғамның барлық сұранысына жауап беруі тиіс.

Сондай-ақ, аймақ басшысы аталған салаға бақылау жүргізетін орынбасарларына мемлекеттік-жеке серіктестік тетігі арқылы жедел жәрдем стансасының құрылысын жүргізу мәселелерін қарастыруды, бұл қызметтегі автокөлік тапшылығын шешуді тапсырды.

Басқарма басшысының айтуынша, жаңа мамандарды тарту бағытында жұмыстар басталып кеткен.

— Біз еліміздегі медициналық оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз. Оң нәтижелеріміз бар. Алматы қаласынан интернатура мен резидентураны тәмамдаған 30 және Ақтөбедегі жоғары оқу орнының 95 түлегі мұнайлы өлкеге келіп, қызмет етуге келісім беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастырамыз. Сол арқылы аймақтағы кадр тапшылығы мәселесі шешілмек, — деді Мәншүк Аймұрзиева.

Қазіргі таңда облыста 1300-ге жуық дәрігер еңбек етуде. Әйтсе де, қолда бар деректерге сәйкес, 144 маманға сұраныс бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button