Атырау облысына 114 жас дәрігер шақырылды
Биыл Атырау облысына 114 жас дәрігер шақырылып отыр. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде Атырауда жалпы тәжірибе дәрігері, педиатрлар, сондай-ақ басқа да арнайы мамандар жетіспейді.
— Дәрігерлерінің болжамды жетіспеушілігі 2020 жылға дейін 50 дәрігерді және педиатрлардың жетіспеушілігі 65 дәрігерді, сондай-ақ арнайы мамандар 52 адамды құрап отыр. Салаға мынадай мамандар жетіспейді: анестезиолог-реаниматологтар, неонатологтар, патологиялық анатомдар, сот-медицина сарапшылары, акушер-гинекологтар, онкологтар, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, пульманологтар, — дейді Мәншүк Аймурзиева.
Денсаулық сақтау саласында маман жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін денсаулық сақтау басқармасының мамандары медициналық жоғары оқу орындарының базасында өтетін бос орындар жәрмеңкесіне барып, жас мамандарды өңірдің медицина ұйымдарына жұмыс істеуге тартуда. Осы орайда, биылғы жылдың І тоқсанында 114 жас маманмен алдын-ала шарттар жасалды.
Сонымен қатар, өткен жылдың күзінен бастап 35 атыраулық студент 4 республикалық медициналық жоғары оқу орындарында жергілікті грант бойынша білім алуда. Арада жасалған келісімшартқа сәйкес, жас мамандар бес жыл көлемінде Атырау облысының медициналық мекемелерінде жұмыс жасайтын болады. Одан бөлек жергілікті атқарушы органдар бірқатар мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін де шешуде.
Хорлан СМАДИЯР