
ЖаңалықтарҚоғам
Атырау облысы бойынша құрбандық шалуға 4 орын бекітілген
Атырау облысы бойынша құрбандық шаламын деушілер үшін 4 орын бекітілген. Бұл туралы біздің редакциямызға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы, PhD докторы Батыржан Мансұров хабарлады.
– Ислам – тазалық діні. Сондықтан кез келген жерге мал шала беріп, айналамызды ластап, бүлдіруге болмайды. Құрбандық шаламын деушілер үшін қала әкімшілігі 4 орынды бекітіп берді. Көп қабатты үйде тұратын тұрғындар сол жерге барып шалуларына болады, – деді Батыржан Мансұров бізбен әңгімесінде.
Сонымен, қала әкімшілігі құрбандық шалу үшін бекіткен орындар мыналар:
- «Тума» мал сою цехы.
- «Асыл-агро» мал сою цехы.
- «Адал» мал сою цехы.
- «Умарова» мал сою пункттері.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ
Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.