Атырау Мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты (ВИДЕО)

1 14 Жаңалықтар

Атырау Мұнай өңдеу зауытынан өрт шықты. Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми ақпаратына сәйкес, «тілсіз жау» ЭТҚ-АВТ-3 блогының ТКӨ аумағында (электро-вакуумдық қондырғысын терең күкіртсіздендіру өндірісі) болған. Салдарынан, құбыр желісі өртенді. Зауыттағы төтенше жағдай туралы хабарлама кезекші қызметкерге 11 желтоқсан күні, сағат 09:57-де келіп түскен.

«Зауытта 10 шаршы метр аумақтағы құбыр желісінде өрт болды. Өрт жағдайы  өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Өрт сағат 10:30-да сөндіріліп, жалынды ауыздықтауға жеке құрамнан 66 қызметкер мен 17 арнайы техника жұмылдырылды»,-деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Осы орайда, облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан Қапановқа хабарласқан едік. Ол зауыттағы өрттің салдарынан қалайда қоршаған ортаға зиян келетінін мәлімдеді. Ал, өрттің шығу себебі мен экологияға келген залал көлемі тексерістен кейін нақты анықталатынын жеткізді.

Айқара Ғұмар

Видео Instagram желісінен алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз