Атырау мұнай өңдеу зауыты Еуро-4 және Еуро-5 мотор майларын өндіруді ұлғайтады
Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің іске қосылуын бірнеше рет жоспарлаған, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бүгінгі Атырау мұнай өңдеу зауытында Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін іске қосу жұмыстарын салтанатты түрде жүргізу зауытты жаңғыртудың үшінші кезеңінің аяқталуын көрсетіп отыр.
Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы индустрияландыру картасына енгізілді және ол мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға, әлемдік деңгейдегі мотор отындарының көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Құрылыс жұмыстарына 4000 адам жұмылдырылды. МТӨК жүзеге асыру барысында 490 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Бұл кешен іске қосылған соң автокөлік жанармайын өңдеу жылына 1 миллион 700 мың тоннаға дейін, дизель шығару 23 пайызға, авиакеросин болса 244 мың тоннаға дейін артады. Атырау мұнай өңдеу зауыты К4 және К5 (яғни Еуро-4, Еуро-5) экологиялық классқа жататын мотор майларын шығарып, мұнай өңдеу тереңдігін 84 пайызға дейін ұлғайтад»,-дейді «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Ғалымжан Амантурлин.
Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі