«Атырау» клубында – жаңа легионер
Футболдан Премьер лига командалары алдағы жаңа маусымға қызу дайындалуда.
Түркия жерінде кезекті оқу-жаттығу ойындарын өткізіп жатқан Атыраудың «Атырау» командасы Әзірбайжанның «Кешля» клубымен жолдастық кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Атыраулықтар сапына жақында словениялық Желько Филипович келіп қосылды. Отыз жасар шабуылшы — өз елінің «Олимпию», «Домжале», «Марибор», «Копер», бельгиялық «Мехелен» және Белоруссияның «Динамо» (Брест) командаларында ойнаған, еурокубоктық 51 кездесуге қатысқан тәжірибелі ойыншы. Желько Словенияның ұлттық құрамасында өнер көрсетіп, Словенияның бес дүркін чемпионы атанып, үш рет кубокқа ие болған. Белорусь елінің Кубогі мен Суперкубогін жеңіп алған.
Бақытжан ЖҰМАТ.