ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық
«Атырау-Индер» жолының бойында жасөспірімді көлік қағып кетті
«Атырау-Индер» жолының бойындағы «Жұлдыз-3» ықшам ауданының маңында 18 жасар жасөспірімді көлік қағып кеткен. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қайғылы оқиға 7 қараша күні, сағат 20:00 шамасында орын алған.
Алдын ала ақпарат бойынша, көлік жүргізушісі 18 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Ол «Фольксваген Пассат» көлігінің тізгінінде отырып, жол жиегінде келе жатқан өзімен құрдас жасөспірімді абайсызда қағып өткен.
Бүгінде қаза тапқан жасөспірім Қызылқоға ауданының тумасы екені анықталды.
Қазіргі таңда Қылмыстық Кодекстің 345-інші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.
Айқара Ғұмар
Фото today.kz сайтынан алынған