Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

«Атырау халқының бәрін браконьер деу – дұрыс емес»

Атырауда халықтың бәрін браконьер деу – дұрыс емес, оларға да заңды түрде балық аулауға мүмкіндік берілуі қажет. Бұл туралы Құрманғазы аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде «Балық және балық өнімдерінің заңсыз айналымы, браконьерлікке қарсы күрес және осы бағыттағы өзара іс-қимыл барысында туындаған өзекті мәселелер туралы» тақырыбында өткен ведомствоаралық мәжілісте «Амангелді» ЖШС директорының орынбасары Сәбит Тілепбергенов мәлімдеді.

img_source

«Амангелді» ЖШС директорының орынбасары Сәбит Тілепбергенов айтуынша, мәжіліске келерде балықшыларын жинап алып, желкі ауларды жоюды ескерткенін айтты. Өз тарапынан халықтың бәрін браконер деу дұрыс емес, оларға да заңды түрде балық аулауға мүмкіндік туғызып, оны қалай жүзеге асырып отырғанын қадағалауда ұстау қажет деген ұсынысын ортаға салды. Сонымен қатар билет берген кезде аудандық балық инспекциясынан да адамдар шақырғанын, алайда ешкім келмегенін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button